ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ (ФОТО)

06 қазан 2025 890 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Al-Fattah» мешітінде «Жат ағым – рухани қауіп» тақырыбында жиын өтті.  

Жиналыс барысында діни оңалту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру, оңалту жұмыстарының ерекшеліктері, сондай-ақ бүгінгі қоғамда кездесетін теріс діни ағымдардың бағыты мен белгілері жайында кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар, жат ағымнан жапа шеккен азаматтармен жұмыс жүргізу әдістері, теологиялық сұхбат жүргізудің тәсілдері, мешіт қызметкерлерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру мәселелері де талқыланды.

Жиналысқа ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің маманы Ислам Маратұлы арнайы қатысып, нақты бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Жиын нәтижелі өтіп, алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспары пысықталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру