Елорда мешіттерінде «Имани жаз» жобасы бастау алады

25 мамыр 2026 141 0
Оқу режимі

Астана қаласының бас имамы Нұрбек Әуесханұлының басшылығымен жиын өтті.

Басқосуда алдағы жазғы маусымда ұйымдастырылатын «Имани жаз» жобасының дайындық жұмыстары талқыланды. Жиын барысында балаларға арналған жазғы сауат ашу курстарының мазмұны, оқу-тәрбие бағыты, шәкірттердің қауіпсіздігі мен ата-аналармен байланыс мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар дін мен дәстүр құндылықтарын өскелең ұрпақтың санасына сіңіру, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстар пысықталды.

Айта кетейік, «Имани жаз» жобасы жыл сайын жазғы демалыс кезінде өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу, мешітпен байланысын нығайту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру