Елорда шәкірттері арасында хадис жаттаудан жарыс өтті (ФОТО)

12 мамыр 2021 4250 0
Оқу режимі

Бүгін ел астанасындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде Елорда мешіттерінің бұрымды шәкірттерінің арасында хадис жаттаудан жарыс болып өтті. Жарысқа Елорда мешіттері бойынша ұзын саны 33 шәкірт қатысып, өздерінің білімдері мен жаттау қабілеттерін сынға салды. Қасиетті Рамазанның соңғы күнінде осылайша ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өсиеттері жас шәкірттердің тілімен Елорда төрінде жаңғырып, сауабы мен сыйлығы қатар қуантқан берекелі жарыс болды.

Салтанатты байқаудың ашылуына арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірген «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Сматаев Ибрагим ардақты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүннетін сүйіп, хадистеріне амал етудің қаншалықты абзал амал екендігін айтып, бүгінгі жарысқа қатысушы шәкірттерге өз ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, мешіт ұстазы Лаура Арыстанбекқызы қатысушыларға жарыс тәртібін түсіндіріп, «Шейх Кунта қажы» мешітінің қыздар-әйелдер секторының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отырған шараның мақсат-маңызын атап өтті.

Шәкірттер білімін «Ғылмани» мешітінің ұстазы Көксеген Айгүл мен «Шейх Кунта қажы» мешітінің ұстазы Арыстанбекқызы Лаура ханымдар сараптап, жалпы ұпай саны бойынша жүлдегер анықталды. Жүзден жүйрік шығып, жеңіс тұғырынан табылған төмендегі шәкірттерге арнайы сыйлықтар табысталды:
1 орын Оздоева Айша(шейх Кунта қажы мешіті)
2 орын Алиакбар Ақмаржан ( Сәдуақас Ғылмани мешіті)
3 орын Мацеева Айша (шейх Кунта қажы мешіті)

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру