Елордада 100 мұқтаж отбасыға көмек берілді (ФОТО)

24 қазан 2020 422 0
Оқу режимі

Елордадағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай кеше қайырымдылық шарасы болып өтті. Қасиетті жұма күні осылайша қайырымдылық шарасымен өрнектеліп, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға ет үлестірілді.

Аталмыш шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, шараға келушілерді Мәуліт айымен құттықтады. «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан да іс-шараға қатысушыларды мәуліт айымен құттықтай отырып, аталған игі шараға демеушілік жасаған Исламбек Салжановқа мешіт ұжымы атынан арнайы алғысын білдірді.

Айта кетейік, мешіт ұжымының ұйытқы болуымен кәсіпкер Салжанов Исламбек Төлеубайұлы іс-шараға демеушілік жасап, 2 сиыр, 1 жылқы малын қайырымдылыққа арнаған болатын.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру