Елордада мешіт қызметкеріне баспана берілді (ФОТО+ВИДЕО)

25 қараша 2020 560 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Раиса ана» мешітінің қызметкері Ержігіт Бөрібековтің отбасы үшін ерекше қуанышты күн болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қоры жариялаған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мешіт қызметкеріне баспана беріліп, жас отбасы көптен күткен армандарына қол жеткізді.

Сауапты шараға ұйытқы болған Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің қызметкерлері Ержігіт Артықбайұлының жаңа шаңырағына құттықтау айтып, қуанышымен бөлісіп қайтты. Шаһар бас имамы Ерболат Жүсіпов өкілдік атынан баспана кілтін табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру