«ИМАН» ЖУРНАЛЫ МЕН «МҰНАРА» ГАЗЕТІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымдары «Иман» журналының 12, «Мұнара» газетінің 24 нөмірі жарық көрді.
Қос басылым да мүфтияттың 35 жылдық мерекесі және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арнайы нөмір дайындады. Сондай-ақ «ҚМДБ-35» айдары бойынша ардагер имамдардың өмірі мен қызметі жайлы сұхбаттар мен мақалалар ұйымдастырылды. Газет-журнал ұжымының ұйытқы болуымен «Абай. Алаш. Асыл дін» тақырыбында шығармашылық байқау өтіп, жеңімпаздар марапатталды.
2025 жылы жалпы «Иман» журналында 158 материал, оның ішінде 12 сұхбат мен 18 сұрақ-жауап және қалғаны діни-танымдық, сараптамалық мақалалар жарияланды. «Мұнара» газетінің БАҚ өкілдері арасында журналистер күніне орай дәстүрлі түрде өтетін үстел теннисі турнирі 2025 жылы бесінші рет ұйымдастырылды.
Бұдан бөлек, еліміздің бірнеше облыс орталығында «Иман» журналы мен «Мұнара» газетінің медиасеминары өтті. Медиасеминарда «Фактчекинг: Шынайы және жалған ақпарат», «Газет-журналдың насихат бағытындағы рөлі», «Діни мақала жазуда жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыптары кеңінен талқыланды.










Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі