Иран елінен келген қонақ «Әзірет Сұлтан» мешітімен танысты (ФОТО)

05 қазан 2021 3307 0
Оқу режимі

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XIX отырысы басталған болатын. Бүгін елорда төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайында Сенат спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен XIX Съезд Хатшылығы бірқатар маңызды мәселелерді талқылайтын болмақ.

Аталмыш отырысқа арнайы шақырылған Иран Ислам республикасының Мәдениет және ислам байланыстары ұйымы Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығы төрағасының өкілі Захра Рашид Бейги ханым кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келіп, құлшылық ордасымен танысып қайтты.

Құрметті қонақты «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қарсы алып, республикалық Бас мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру