Кенжетай Дүйсенбай – бас мүфти кеңесшісі (ФОТО)

08 қазан 2021 3554 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті аппарат жиналысын өткізген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кенжетай Дүйсенбайдың ҚМДБ Төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.

«Дүйсенбай Кенжетай Байкемелұлы Солтүстік Қазақстан бойынша өкілдігінің және «Қызылжар» мешітінің бас имамы қызметтерінен босатылып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

«Кенжетай Байкемелұлының діни салада да, мемлекеттік қызметте де тәжірибесі мол. Өзіне жүктелген қызметтік міндетті толық орындайды деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру