ХІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАРИЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ (ФОТО)

29 қыркүйек 2023 1281 0
Оқу режимі

Бүгін Ақтау қаласында ХІI республикалық «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу» байқауының жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тарту рәсіміне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов, «Muftiyat» баспасының директоры Мұрат Манапұлы қариларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар байқау шарттары мен ережесін қосымша ескертіп өтті.

Екі күнге жалғасатын байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 80 үміткер қатысуда. Аймақтық іріктеу кезеңдерінен үздік шыққан сайыскерлер 4 аталым, яғни Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. Бүгінгі жеребе тарту рәсімі барысында үміткерлердің реттік нөмірі белгілі болды.

Қарилар байқауы Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде өтеді және жалпы жұртшылыққа Діни басқарманың «Munara TV» телеарнасы мен «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан, сонымен бірге @muftiyatkz инстапарақшасынан тікелей көрсетілім ұсынылады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру