КӨКТАЛ МЕШІТІНДЕ ЖАМАҒАТҚА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

11 қыркүйек 2025 1271 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының жылдық жоспарына сәйкес Көктал мешітінің жастар ісіне жауапты маманы Бердимуратов Хурсанның ұйымдастыруымен «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында жамағатқа семинар өтті.

Арнайы қонақ ретінде «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Мұратбек Мұхтарханұлы шақырылып, жамағатқа тағылымды уағыз айтты. Ол өз сөзінде жас ұрпақты дұрыс тәрбиеге баулудың маңызына тоқталып, әрбір мұсылманды қоғамда ізгілікке үлес қосуға шақырды.

Жамағат тарапынан қызығушылық танытылған семинар соңында қатысушылар ұстаздарға алғысын білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру