Медресе-колледждердің екінші жартыжылдыққа дайындығы пысықталды (ФОТО)

20 қаңтар 2021 298 0
Оқу режимі

ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің ұйымдастыруымен мүфтиятқа қарасты медресе-колледждердің 2020-2021 оқу жылының бірінші жарты жылдығының есебі бойынша онлайн жиын өтті.

Жиынға Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, бөлім меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев және медресе-колледждердің директорлары қатысты.

Басқосуда 9 медресе колледж-директоры студенттердің оқу үлгерімі, курс бойынша студенттер саны, ұстаздар құрамы, медресе сайтының жұмысы, білім жетілдіру курстарына қатысқандар, биылғы бітірген түлектердің мәліметі, тауассуф пәнінің оқыту барысы секілді бірнеше мәселелер бойынша есеп берді.

Сондай-ақ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков оқу орындарының 2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығына дайындық барысын біліп, ұстаздардың әлеуметтік мәселесі, медресе-колледждер сайтының жұмысын жандандыру, мәліметпен қамтамасыз ету, өндірістік практика, штаттық кесте, журнал толтыру мен сабақ кестесінің тәртібі, ҚМДБ тарапынан қабылданған 10 құжат бойынша қосымша дәріс өткізу т.б мәселелерді қадағалауды тапсырды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру