Мектеп ұстаздарына «Рамазан сыйлығы» берілді (ФОТО)

26 сәуір 2021 3067 0
Оқу режимі

Осыдан бірер күн бұрын ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Рамазан сыйлығы» атты қайырымдылық шарасы басталған болатын. «YDA» холдингінің демеушілігімен аталмыш шара аясында Елордамыздағы 1 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелерін табыстау басталған болатын.

Игілікті шараның жалғасы ретінде кеше республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті қаламыздағы № 86 мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымына «Рамазан сыйлығын» табыстады. Білім жолындағы ұлағатты ұстаздардың жұмысына береке тілеп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру