МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

27 қараша 2023 953 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен шәкірттер арасында футболдан жарыс өтті.

Мешіт шәкірттерге тек діни білім беріп қоймастан, ұлттық құндылықтар, салауатты өмір салты сияқты дәстүрлі, заманауи құндылықтарды да насихаттауға бағытталған іс-шараларды үздіксіз өткізіп келеді.

Сондай шаралардың бірі есебеіндегі кезекті жарысқа мешіт ұстаздарының шәкірттерінен құралған 8 команда жарысқа түсіп тартысты ойын көрсетті. Шәкірттер арасында елге танымал азаматтар да жоқ емес. Айталық, ала доптан өткен шағын туринерде 48 келі салмақ бойынша бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да ойнады.

Іс-шара соңында жеңімпаздар анықталып, мешіт тарапынан арнайы марапаттар табысталды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру