МЕШІТ ШӘКІРТТЕРІ ОТАНДЫҚ «МҰЗБАЛАҚ» МУЛЬТФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ (ФОТО)

18 маусым 2023 1783 0
Оқу режимі

Бүгін Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Имани жаз-2023» жазғы сауат ашу курсында білім алып жатқан бала шәкірттер  ҚМДБ ғимаратында қонақта болып, Діни басқарманың концерт залында отандық «Мұзбалақ» мультфильмін тамашалады.

Бірнеше шетелдік фестивальдерден «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алған мультфильм балалардың көңілінен шығып ерекше әсер қалдырды. Мультфильмде бүркіт пен адамның достығы арқылы адалдық пен ерлікті насихаттап, сатқындық пен көреалмаушылықтың адам сүймейтін теріс әрекеттер екенін айқын көрсеткен.

Сонымен қатар, туындыда қазақ салт-дәстүрі ерекше көрініс береді. Шешендік сөздер мен тауып айтылған тіркестер жас ұрпақтың санасында жатталары даусыз.

Бүлдіршіндердің қолынан түспейтін смартфон ішінде жақсы-жаман сүзгіден өтпейтінін ескерсек, тәрбиелік мәні бар анимациялық фильмдерді көрсету маңызды екенін атап өту керек.

Осылайша, «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсының шәкірттері мультфильм көре отырып таным көкжиектерін кеңейтіп, рухтана түсті. Айта кетейік, мешітімізде «Имани жаз – 2023» жазғы сауат ашу курсына биылғы жылы 600-ге жуық шәкірт қабылданған болатын. Арнайы бекітілген курс сабақтарынан бөлек, бала шәкірттер үшін осындай мәдени шаралар, спорттық ойындар, қоғам қайраткерлерімен пайдалы кездесулер ұйымдастырылып келеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру