Мешіт жамағатына «Оразаға қатысты 150 сұрақ» анықтамалығы таратылды (ФОТО)

28 сәуір 2021 3910 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Оразаға қатысты 150 сұрақ» анықтамалық кітапшасы жарық көрген болатын. Ислам бес парызының бірі – оразаға қатысты көп қойылатын сұрақтар жауабы жинақталған кітапшаның оқырманы үшін орны бөлек болар сөзсіз.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағатқа «Оразаға қатысты 150 сұрақ» кітапшасы таратылды. Бұдан бөлек, мешітке келушілер үшін арнайы ақпарат тақтасы арқылы түрлі мәліметтер ұсынылып, басқа да тақырыптар бойынша әзірленген бүктемелер қоса ұсынылды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру