МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ҚҰРАНДЫ МӘНЕРЛЕП ОҚУ БОЙЫНША СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

19 ақпан 2023 1774 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Құранды дауысыңмен көркемде!» атты үйрету семинары ұйымдастырылды. Мешіт азаншысы, қари Қайнар Базарханұлы қатысушыларға Құранды мәнерлеп оқудың қыр-сырын түсіндірді. Нақтырақ айтар болсақ, семинарда «Құранды қандай мақаммен оқу керек», «Мақамдарды қалай үйренуге болады», «Кімді тыңдаймын», «Қалай көркем оқып үйренемін?»  сынды сұрақтарға жауап беріліп,  білікті ұстаз өзінің ізденістерімен бөлісті. Семинарға жалпы саны 20-дан астам жамағат қатысып, жиын соңында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Аталмыш семинар жұмысы алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру