Моңғолия мұсылмандарының басшысы Ораза айтпен құттықтады

26 мамыр 2020 3697 0
Оқу режимі

Моңғолия мұсылман ұйымдары одағының төрағасы Батырбек қажы Хадысұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесіне байланысты құттықтау хат жолдады.

«Биылғы Рамазанда мешіттерімізде жəне дастархан басында басымыз қосылмаса да, жүрегімізбен, тілегімізбен бірге болдық деп ойлаймын. Осы қасиетті күндерді аяқтап Жаратушының ұлы нығметі болған қасиетті Айт күні, əлемді алаңдатқан короновирус індетінен тез айықтыруды Хақ Тағаладан тілей отырып, сізді жəне сіз арқылы ондағы барлық мұсылман бауырларымызды Ораза айтымен құттықтаймын! Қасиетті айда жасаған құлшылықтарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын!» делінген құттықтау хатта.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру