МҮФТИЯТ ЖАНЫНАН «ҚҰРАН» СЕКТОРЫ АШЫЛАДЫ

17 қаңтар 2024 828 0
Оқу режимі

Бұл жөнінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің», – деп айтқандай, біз Құранды үйреніп қана қоймай, оны үйретушілерден болуымыз керек. Осы мақсатта «Құран» секторын ашамыз. Аталған сектор Қарилар дайындау орталықтарының жұмысын жүйелеу, республикалық Құран жарыстарын өткізу және отандық қарилар мектебін қалыптастыру ісімен айналысады» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру