Наиб имамдар мен ұстаздар Бас имам «Алғыс хатымен» марапатталды (ФОТО)

15 желтоқсан 2020 4270 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен «IV Имамдар форумы құжаттарын талқылау» атты өкілдік жиналысының екінші бөлімінде жыл бойы жемісті қызмет атқарып келген наиб имамдар мен ұстаздар қауымына Нұр-Сұлтан қаласы бас имамының арнайы «Алғыс хаты» табысталып, марапаттау рәсімі болып өтті.

Биылғы жылдық есеп бойынша қысқаша мағлұмат беріп өткен шаһар бас имамы Ерболат Жүсіпов барша қызметкерлерге өз ризашылығын білдіріп, жұмыс нәтижесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Уағыз-насихат, оқу-ағарту, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралары, Әйел-қыздар және Жастар ісі секторы жұмыстарына қысқаша шолу жасап, 2020 жылы жүзеге асырылған жаңа жобалар мен ауқымды шараларды атап өтті.

Осыған орай, жиын соңында Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша биылғы жылы жемісті қызмет атқарған наиб имамдар мен ұстаздар қауымына арнайы «Алғыс хат» табыстап, марапаттау рәсімін өткізді. Қалалық мешіттердің бас имамдарына бұған дейін өткен жылдық жиналыс барысында марапат берілгенін айтып өтіп, бүгінгі жиналыстың наиб имамдар мен ұстаздарға арнайы ұйымдастырылып отырғанын жеткізді.

Марапаттау рәсімінің соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мерейтойына арнап шығарылған мерекелік медальға ие болған Жұманазар Садырханов («Әзірет Сұлтан» мешіті), Әділ Агитаев («С.Ғылмани» мешіті) және Төлеген Арғынбайұлына («Әлжан ана» мешіті) арнайы төсбелгісін қадап, лайықты құрмет көрсетілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру