Наиб мүфти баспанасы өртенген тұрғындармен кездесті (ФОТО)

08 желтоқсан 2021 2655 0
Оқу режимі

30 қараша күні Алматы облысы Талғар ауданы Төңкеріс ауылында электр тогы салдарынан 8 пәтерлі жеке үй өртеніп, 34 адам баспанасыз қалған болатын.

Осы жағдайды естіген имамдар мен еріктілер көмек көрсету шараларын шұғыл түрде қолға алды. ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Төңкеріс ауылына барып, тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, оларды сабырға шақырып, Алладан жеңілдік тіледі.

«Еліміздің мұсылман қауымы отбасыларыңызға дұға жасап, Жаратушының қалауымен 3 күнде 23 миллион теңге қаражат жиналды. Осы игілікті істің басында жүрген еріктілер Еділ Асылұлы мен Еркін Жасұланұлына алғыс білдіріп, сол аманатты өздеріңізге табыстауға рұқсат етіңіздер. Алла Тағала  бұл сынақтың соңын жақсылыққа, қуанышқа ұластырғай!» – деді Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру