«Нұр Астана» мешітінде «Қайырымды шаңырақ» акциясы өтті (ФОТО)

24 қараша 2020 3003 0
Оқу режимі

«Нұр Астана» мешітінде дәстүрлі «Қайырымды шаңырақ» акциясы аясында 50 отбасыға азық-түлік қоржыны таратылды.

Игі шараға Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов, Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы қатысты.

Қолы ашық, жүрегі жұмсақ жандардың демеушілігімен жүзеге асқан шара барысында елорда мешіттерінің қызметкерлері азық-түлік қоржындарын мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіп берді.

Қасиетті Құран Кәрімде «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала», 7) делінеді. Ендеше мешіт ұжымы атынан ізгі амалға атсалысып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға қол ұшын созған әрбір азаматтың Алла кәсіптерін береке етіп, ырысын арттырсын деп тілейміз.

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру