Нұр-Сұлтан өкілдігінің діни қызметкерлеріне марапат табысталды (ФОТО)

31 желтоқсан 2021 2657 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласы имамдарының жылдық жиналысы өтті. Жыл соңын қорытындылаған алқалы жиында шаһар бас имамы Ерболат Жүсіпов биылғы жылы атқарылған іс-шараларға қысқаша тоқталып, жемісті қызмет атқарған имамдарға арнайы марапат табыстады.

Атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жеті жұмыс бағыты бойынша нәтижелі қызмет атқарған мешіт бас имамдары мен жауапты қызметкерлерге қала әкімі Алтай Көлгіновтің және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Алғыс хаты» табысталды. Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов жиналысқа қатысқан барша әріптестеріне ізгі тілегін білдіріп, дін жолында жемісті еңбек атқара беруге шақырды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі жұмысы биылғы Төралқа мәжілісінде жоғары бағаланып, үздік көрсеткішке жеткен болатын.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру