Елордада тазалықшыларға тағы да қайырымдылық жасалды (ФОТО)

24 желтоқсан 2020 3141 0
Оқу режимі

Бүгін Елордадағы «Нұр Астана» мешітінің ұжымы демеушілердің қолдауымен «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне қыстың суық күнінде жылы көңіл-күй сыйлады.

Дінімізде тазалыққа айрықша мән беріледі, тіпті «иманның жартысы» деп айтылады. Хадистерде қоршаған ортаны таза ұстау жайында да қатаң ескертілген. Осы орайда ауа-райының қолайсыздығына қарамастан елорда көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүретін мешіт аумағына бекітіліген «Астана Тазалық» ұжымына демеушілердің қолдауымен қаржылай және еттей сый-сыяпат берілді.

Кездесуде «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне  мешіт жамағаты атынан алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне арналып қаладағы «Әзірет Сұлтан», «Әр-Рахман» және «Ырыскелді қажы» мешіттерінде қайырымдылық шарасы өткен болатын

Пікірлер Кіру