Өзбекстан мүфтиі Ораза айтпен құттықтады

25 мамыр 2020 3219 0
Оқу режимі

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхон Алимов ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айтпен құттықтау хатын жолдады.

«Осынау ұлық күнде Жаратқан Иеміз Сізге және барша мұсылман жамағатына сау-саламат, бақыт берсін. Алла разылығы үшін атқарылып жатқан істеріңізге сауаптан жазсын. Биылғы Рамазан коронавирус індетімен тұспа-тұс келіп қалды. Осы себепті мешіттерімізде тарауық намаздарын оқи алмадық. Дегенмен бұл елдегі мұсылмандардың Рамазан айының оразасын бекем ұстауына кедергі келтірмеді. Бәлкім, осы айда әлем мұсылмандары бір-біріне көбірек жәрдем, көбірек дұға етті деген ойдамын.

«Құрметті Мүфти Хазірет! Сіздің осы айда жасаған дұға-тілектеріңіз бен құлшылық ғидабаттарыңызды Алла қабыл етсін! Жаратқаннан әлемдегі барлық мешіттердің есігі тезірек ашылып, жамағатпен намаз оқуымызды тілейміз» делінген құттықтау хатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру