Өзбекстанның Бас прокуроры «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етті (ФОТО)

24 қыркүйек 2021 3259 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне Өзбекстанның Бас прокуроры Нигматилла Иулдошев арнайы келіп, құлшылық ордасын зиярат етіп қайтты. Ел астанасына ресми іссапармен келген құрметті қонақты Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров өзі ертіп келіп, ел мақтанышына айналған «Әзірет Сұлтан» мешітінің тыныс-тіршілігін бірге тамашалады.

Құрметті қонақтарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қарсы алып, құлшылық ордасының қазіргі уақыттағы жағдайымен таныстырды. Сондай-ақ, елдегі пандемиялық жағдайға байланысты мешіттегі қауіпсіздік және сақтық-тазалық шаралары, діни сауат курстарының онлайн жүргізілуі секілді тың жобалар жайлы айтып өтті. Өзбекстан прокуроры қазақ мешіттеріндегі онлайн садақа беру жүйесіне ерекше қызығушылық танытып, таңданысын білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру