«ПӘТУА САҒАТЫНДА» РАМАЗАНҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНУДА (ФОТО)

14 сәуір 2023 1658 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде күндердің сұлтаны жұмада тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан «Пәтуа сағатының» бүгінгі жиыны да оразаға қатысты мәселеге арналды. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, Астана өкілдігі бойынша пәтуаға жауапты маман Ибраев Тамирлан Дарханұлы мен Шалқар Жолды жамағат сұрақтарына жауап беріп, қасиетті ай туралы көптеген пайдалы ақпараттар айтты. Бүгінгі «Пәтуа сағатында» Қадір түніне қатысты, ораза айт пен пітір садақасына қатысты сұрақтар көптеп қойылды. 

Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Пәтуа сағаты» апта сайын екі тілде қатар ұйымдастырылып, жауапты қызметкерлер жамағатқа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі шығарған пәтуалар мен үкімдерді таныстырып келеді. Қасиетті Рамазан айы басталғалы «Пәтуа сағатының» негізгі тақырыбы оразаға байланысты болып келеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру