Пайғамбар мешіті ашылған күні 90 000 жамағат құлшылығын өтеді

05 маусым 2020 1420 0
Оқу режимі

Өткен аптаның жексенбісінде Мадина қаласындағы Пайғамбар мешіті келушілерге өз есігін қайта ашқан болатын. Қос қасиетті мешіт істері жөніндегі бас басқарма ұсынған мәліметтерге сүйенсек, дәл осы Пайғамбар мешітіне 93 774 жан бас сұққан.

Соның ішінде жамағаттың көп жиналған кезі ақшам намазы болған. Намазға 40 356 мұсылман қатысқан.

Пайғамбар мешітінің 11 қақпасы таңа намазынан бір сағат қалғанда ашылып, құптан намазынан қайта жабылып отыратын болмақ. Мешітке кіру барысында санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Бұған қоса, барлық қақпаларда жамағаттың дене қызуын өлшеп тұратын арнайы тепловизорлар орнатылған.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру