Қадір түнінде Бас мешітте 3500 адамға сәресі таратылды (ФОТО)

28 сәуір 2022 2924 0
Оқу режимі

Түндердің сұлтаны, қасиетті Қадір түнінде республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде таң намазына дейін рухани уағыз-насихат жұмысы, құлшылық амалдары еш үзілмеді. Тарауих намазы аяқталып, Құран хатым дұғасы жасалынғаннан кейін мешіт мінберіне елімізге белгілі ғалымдар көтеріліп, жамағатқа түрлі тақырыпта насихат жүргізді.

Айта кетейік, қасиетті Қадір түніне орай «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Мұнара тв» телеарнасы бұл түні Бас мешіттен тікелей түсірілімдер жүргізіліп, барша ел көрермендерін руханиятпен сусындатты.

Сондай-ақ, Бас мешіт ұжымының ұйытқы болуымен Қадір түнінің құрметіне орай бүгін мешіт ауласында 3500 адамға тегін сәресі таратылды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру