ҚАЛА БАС ИМАМЫ «ӘР-РАХМАН» МЕШІТІНЕ БАРДЫ (ФОТО)

17 сәуір 2023 1465 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы «Әр-Рахман» мешітінің жамағатымен кездесіп, Рамазанға қатысты уағыз-насихат айтып, жамағаттың көкейінде жүрген діни сұрақтарға жауап берді.

Мешіт кілемдері мен дәріс бөлмесінің парта, тақталары жаңартылған әрі ыңғайлы. Рамазанда күнделікті ауызашарға 100 адам келеді. 400 адамдық бұл мешіт Жұма күні жамағатқа толы болады. Қала шетінде орналасқанымен берекеге толы ғибадат үйінде көптеген қоғамдық және  қайырымдылық шаралары атқарылуда.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру