ҚАРИЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

18 сәуір 2023 2039 0
Оқу режимі

Құранда «Мың айдан да қайырлы түн» деп ұлықталған Қадір түнінде Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран Хатым аяқталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен дұға жасалған болатын. Мыңдаған жамағат қол жайып, Аллаға дұға еткен сауапты сәттен соң Рамазан бойы тарауих намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қариларымызға құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, биыл мешітіміздегі тарауих намаздарын өткізуге Республикалық Құран байқауының жас жеңімпаздары Қуаныш Нұрланұлы, Иманәлі Бейбітұлы және Дулат Болатбекұлы шақырылған болатын. Алланың сөзін жаттаған  жас қариларға Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы жамағат атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру