Қазақстан имамдары мен ұстаздары Құран хатым дұғасын жасады (ФОТО)

13 шілде 2020 4217 0
Оқу режимі

Бүгін, 13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты республиканың барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы жасалды.

Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде, шығысы мен батысында, орталық өңірлерінде соңғы бір апта ішінде 100 Құран Хатым оқылса, бүгін облыстардың бас имамдары, медресе ұстаздары арнайы дұға жасап, бір Алладан ел амандығын тіледі.

Имамдар мен ұстаздардың бәрі де індеттен қайтыс болғандардың рухына Құран бағыштап, қол жайып, Жаратқаннан қиындықтың соңынан жеңілдік келуін, науқастардың тезірек сауығып, індеттің жер бетінен жойылуын сұрады.

Бұған дейін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өкілдіктерде індетке қарсы дұға жасалып, құрбан шалынғанын айта кеткен жөн.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру