ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН ХАЛАЛ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ
19 маусым 2026
86
0
Оқу режимі
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы ортасындағы халал индустриясы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа «Халал Даму» директоры Айбек Аташев пен Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» бөлімінің меңгерушісі Максат Атабаев қол қойды.
Меморандум аясында тараптар халал стандарттарын дамыту, тәжірибе алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру және халал сертификаттарын өзара тану бағытында бірлесіп жұмыс жүргізуге келісті.
Аталған келісім екі ел арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, халал индустриясының дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.










Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру