Қазақстан митрополиті Ораза айтпен құттықтады

25 мамыр 2020 3318 0
Оқу режимі

Қазақстандағы Православ шіркеуінің басшысы, Нұр-Сұлтан және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады.

Бас мүфтиді және барша мұсылмандарды құттықтаған митрополит қасиетті Рамазан айының шарттары да адамды рухани кемелдікке жетелеп, отбасындағы татулықты сақтай отырып, көрші мен Отанға деген махабатты арттыра түсетінін жеткізген.

«Жүздеген жылдар бойы осынау байтақ далада мұсылмандармен бірге христиан өкілдері де тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Ұлан-ғайыр атырапты бірге қорғап, елдің дамуына бірге атсалысуда. Ендігі мақсатымызда осы ауызбіршілікті сақтап, қазақтың қасиетті жерінде ынтымағымызды арттыра түсу.

Бұған дейін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елге жасаған Үндеуінде атап өткендей «Конфессияаралық келісім елдің дамуына әсер ететін ең үлкен фактор. Біз болашағымыздың іртетасын дәл осы бірлік пен ынтымақ тұрғысынан қалағандықтан алға қарай сеніммен қадам басамыз» деген еді.

 Құрметті Мүфти Хазірет және елдегі барша мұсылман қауымы Сіздерге тек мықты денсаулық, тыныштық пен игілік тілеймін!» делінген құттықтау хатында.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру