«ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» ҚҰЖАТЫ НАСИХАТТАЛЫП, ТУРОПЕРАТОРЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

02 ақпан 2024 818 0
Оқу режимі

Бүгін жұма намазынан кейінгі пәтуа сағатында «Әзірет Сұлтан»  мешітінің ұстазы Шалқар Жолды ҚМДБ-нан бекітілген «Қажының рухани келбеті»  құжатын таныстырып, халқымыз қажылыққа барған азаматтарды «қажы» деп құрметтеп, оларға ерекше ілтипат көрсететін, қажылар да өз кезегінде көркем мінезімен, адалдығымен, әділдігімен өзгелерге өнеге болуы тиіс екені туралы жан-жақты түсіндірді.

Келесі кезекте Мүфтият қажылыққа  қызмет көрсететін 17 туроператорды бекітіп, ресми сайтында конкурстан өткен компаниялардың тізімін де жариялағанын, бұл компаниялар қажылардың қауіпсіздігіне, оларды Мекке-Мединаға апарып-әкелуге, қонақүй және ас-сумен, транспортпен қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарын рәсімдеуге міндеттелетінін толық түсіндірді. Сондықтан қажылыққа ниет етушілер әртүрлі келеңсіздікке  тап болмас үшін соларға ғана жүгінуге шақырды.

 

 

 

Пікірлер Кіру