ҚМДБ: Әл-Азһар университеті Қазақстанға 50 білім грантын бөледі (ФОТО)

17 наурыз 2021 4215 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары кезінде Каирде әйгілі әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет Тайыппен кездесті.

Бас мүфти әл-Азһар шейхына Қазақстанға бөлінетін білім гранты санын екі есеге көбейтуді ұсынды. Сонымен қатар Қазақстанда салынатын Ислам академиясын, Ислам және теология кітапханасын классикалық діни кітаптармен қамтамасыз етудің маңыздылығын жеткізді.

Әл-Азһар университетінің шейхы бұл ұсынысты қолдайтынын, Қазақстан үшін бөлінетін білім гранты екі есеге ұлғаятынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ислам академиясы мен Ислам және теология кітапханасына қажетті классикалық бағыттағы кітаптарды жеткізіп беруге уәде етті.

Наурызбай қажы Тағанұлы әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет Тайыпқа айрықша алғыс білдіріп, игі ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен әл-Азһар университеті арасында жасалған келісім бойынша жыл сайын қазақстандық имамдар үшін 25 білім гранты бөлінетін. Енді жыл сайын 50 имам әл-Азһар университетінде білімін жетілдірмек.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру