ҚМДБ: іс басқарушының есебі тыңдалды (ФОТО)

01 ақпан 2021 2375 0
Оқу режимі

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен кезекті Аппарат жиналысы өтті. Жиналысқа наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы мен бөлім меңгерушілері қатысты.

Мәжілісте ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орын үш бағыт (мешіттердің шаруашылық жұмыстарын қадағалау, құлшылық үйлерінің ауласын абаттандыру, құрылысын бақылау және мешіт мүлкін бақылау) бойынша атқарылған іс-шаралар туралы есеп берді.

«Біз қызмет барысында «Ағаш – жер сәулеті», «30 жылдық мерейтойға 30 мың ағаш отырғызу», «Көрікті мешіт» сынды бірқатар игі жобаларды жүзеге асырдық. Өткен жылы еліміз бойынша 37 428 ағаш отырғызылды. Санитарлық талаптарды сақтау мақсатында 1908 мешітті арнайы медициналық құралдармен қамтамасыз еттік. 316 мешітке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіздік» деп атап өтті ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орын.

Жиналыста Бас мүфти Іс басқарушының жұмысы жайлы оң пікірін білдіріп, игі ниетін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру