ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

26 желтоқсан 2025 237 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітте «Діндегі ұстамдылық» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Жаратқан Алла қасиетті Құранда: «Қолының қысқалығынан үйлене алмағандар, Алла өзінің шексіз шарапатымен оларды қамтамасыз еткенге дейін ұстамдылық танытсын», – деген («Нұр» сүресі, 33-аят).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Уа, Аллам! Расында, мен Өзіңнен тура жолыңды, тақуалықты, ұстамдылықты және ешкімге мұқтаждық қылмауыңды сұраймын», – деп айтатын (имам Мүслим).

Ұстамдылық – адамның рухани кемелдену жолы. Ол нәпсіні тәртіпке салып, жүректі тазалыққа, мінезді көркемдікке жетелейді. Ұстамдылықты өмірлік ұстаным еткен жан ар-намысын қорғайды, иманын күшейтеді әрі қоғамда ізгілік пен сенімнің үлгісіне айналады, – деген»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікірлер Кіру