ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «НАУАН ХАЗІРЕТ» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ (ФОТО)

10 наурыз 2023 1502 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Көкшетау қаласының орталық «Науан Хазірет» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.

«Біз және ғаламтор» тақырыбында уағыз айтқан Бас мүфти ең алдымен әлеуметтік желі әдебіне тоқталып, жас жеткіншектің желіге байлануынан сақтану қажеттігін ескертті. Сонымен қатар бос уақыт, харамнан сақтану, интернеттің игілігін ұтымды пайдалану жайын айтып өтті.

ҚМДБ Төрағасы жұма намазынан кейін Көкшетау жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру