ҚМДБ төрағасы «Рухани тәрбие – кемел адам» атты салт-дәстүр шарасына қатысты (ФОТО)

03 маусым 2021 2863 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкенттегі ресми сапарын орталық мешіт жанындағы «Әйел-қыздар» секторы ұйымдастырған «Рухани тәрбие – кемел адам» салт-дәстүр шарасымен жалғастырды.  

Рухани бастама барысында Наурызбай қажы Тағанұлы «Әйел-қыздар» секторының және «Әжелер» мектебінің мүшелеріне өз ризалығын білдіріп, тәлім-тәрбие, ихсан ілімі, қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі екендігін айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, ұйымдастырылған шара барысында Бас мүфти  жуырда ғана дүние есігін ашқан сәбидің құлағына азан айтып, Данияр деп есімін қойып берді. Одан бөлек ақ жаулықты әжелеріміз ұмыт болған көне дәстүр мен бағзыдан келе жатқан ғұрыпты қайта жаңғырту мақсатында жүн түту, келі түю, ұршық иіру өнерін ортаға салды. 

Рухани һәм игі шараға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, ҚМДБ-ның  «Зекет және қайырымдылық» қорының  директоры Талғат Омаров, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, дін саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміров сынды бірқатар дін қызметкерлері қатысты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру