ҚМДБ төрағасы Сырдария ауданында жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

18 қараша 2020 3407 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған елді мекенінде жаңа мешітті ашты. Салтанатты шараға аудан әкімі Талғат Дүйсебаев, облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы және ауыл ақсақалдары қатысты.

350 адамға арналған құлшылық үйі жергілікті демеуші азаматтар мен ауыл тұрғындарының көмегімен аяқталған. Мешіт ішінде дәріс сыныбы да бар.

«Сыр өңірі берекелі өңір. Халқының бірлігі бекем екен. Бірігіп іс қылып, осындай зәулім мешіт салыныпты. Алла Тағала бұл елді мекенге ырыс несібесін молынан берсін. Осы мешіт имандылықтың, тәрбиенің ордасы болсын», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы ашылу салтанаты кезінде.

Айта кетейік Шаған елді мекенінде бұған дейін бұл жерде ескі мешіт болған. Тозығы жеткен құлшылық үйі ауыл азаматтарының атсалысуымен толық ел игілігіне берілді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру