ҚМДБ ұстаздары Құрбан айтқа қатысты сұрақтарға жауап берді (ВИДЕО)

30 шілде 2020 3634 0
Оқу режимі

Кеше «Құрбан айт – ұлық мереке» арнайы хабарына қатысқан ҚМДБ-ның білікті, тәжірибелі ұстаздары тікелей эфирде көпшіліктің Құрбан айтқа қатысты сұрақтарына жауап берді.

Мүфтияттың YouTube желісіндегі ресми арнасы мен Instagram желісіндегі ресми парақшасы, сондай-ақ, көпке танымал блогер, экономист Дәулет Мұқаевтың Instagram парақшасында өткен тікелей трансляцияны жалпы саны 10000-ға тарта көрермен тамашалады.

Тікелей эфирде ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиевтер Құрбан айтқа қатысты, әсіресе, онлайн түрде құрбандық шалуға тапсырыс беру төңірегіндегі сауалдарға жауап берді. Бағдарламаны «Хикмет» студиясының тілшісі, журналист Еркін Шәкірұлы жүргізді.

Сұрақ-жауап форматында өткен бағдарламаның толық нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру