ҚМДБ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ АУЫЗШАР ДАСТАРХАНЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ФОТО)

11 наурыз 2026 78 0
Оқу режимі

ҚМДБ Жастар ісі секторының бастамасымен, Астана қаласы өкілдігінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы өткізілді.

Іс-шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының жетекшісі Бағыжан Күзекбай, Астана қаласы өкілдігінің Жастар ісі секторы бойынша жауапты маманы Рахымжан Жолдас, сондай-ақ түрлі жастар ұйымдарының көшбасшылары, қала тұрғындары және мүгедектігі бар бала өсіріп отырған аналар қауымының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қатысушылар бір дастархан басында бас қосып, ізгі тілектер айтып, дұғалар жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру