Республикалық қарилар байқауын «Munara tv» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар

11 қазан 2021 2782 0
Оқу режимі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай киелі Түркістан қаласында өтетін Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық қарилар байқауын «Munara TV» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

12-13 қазан күндері Құран Кәрімнің 10, 20, 30 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтетін байқау сонымен қатар «Муфтият ҚМДБ» Youtube арнасы мен @muftiyatkz инстаграм парақшасы арқылы онлайн көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық іріктеу сайыстары өтіп, Х республикалық байқауға қатысатын қарилардың есімдері белгілі болды. Ал бас жүлдені жеңген қари шетелдік автокөлік тізгіндемек.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру