«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ОРАЙ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

10 қазан 2025 932 0
Оқу режимі

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақовтың ұйымдастыруымен «Менің сүйікті пайғамбарым (ﷺ)» атты білім сайысы өтті.

Әділ қазылар алқасы құрамында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ерсайын Сәкенов және мешіттің діни қызметкерлері төрелік етті.

Бірнеше кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар командаларға бөлінді. Әр топ Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өмірі, мінез-құлқы, сахабалармен қарым-қатынасы және сүннет амалдарына қатысты дайындалған сұрақ билеттерін таңдап, команда болып жауап беріп отырды.

Ұпайлар нәтижесінде сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен топтарға арнайы бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Сайыс тек білім сынағы ғана емес, Пайғамбарымыздың (ﷺ) өмірінен тағылым алу, оның көркем мінезін еске алу мен күнделікті өмірде сүннетті ұстанудың маңызын ұғындыруға бағытталған.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру