«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ ӨТКЕН «БАС ИМАМ САҒАТЫНДА» РАМАЗАНҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІЛДІ (ФОТО)

16 наурыз 2024 271 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Рамазан және бас имам сағаты» өткізіліп, жиналған жамағатқа Рамазан айының қасиеті жайында уағыз-насихат айтылды.

Құлшылық үйінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы жиын соңында жұртшылықтың оразаға қатысты көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Басқосу соңында жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Muftyat» баспасынан жарыққа шыққан «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабы таратылды.

Айта кетсек, қасиетті айда ҚМДБ тарапынан қолға алынған «Рамазан және бас имам сағаты» жобасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіттерде де өткізіліп келеді. 

12 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

10 адам кескіні болуы мүмкін

12 адам және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру