Сенат төрағасы Ораза айтпен құттықтады

24 мамыр 2020 3817 0
Оқу режимі

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Facebook-тегі жеке парақшасында жарияланған құттықтауда М.Әшімбаев Рамазан айының берекелі күндерінде татулық, қайырымдылық, мейірімділік сияқты ізгі қасиеттердің кеңінен дәріптелгеніне айрықша тоқталып өткен.

«Биыл Рамазан айы коронавирус індетінің таралуымен тұспа-тұс келді. Дегенмен, бұл жағдай Қазақстан мұсылмандарын еш жасытқан жоқ. Қайта халқымыздың ырыс-ынтымағы одан әрі арта түсті. Өйткені ораза қазіргідей күрделі кезеңде адамзатты береке мен бірлікке, сабырлық пен төзімділікке үндейді. Осындай асыл қасиеттердің арқасында біз қауіпті дертті ауыздықтап, барлық қиындықты бірлесіп еңсереміз деп сенеміз.⠀

«Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын дегім келеді. Айдан айға, жылдан жылға аман-есен жете берейік. Ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін!⠀Айт мүбәрак болсын!» деп жазды Сенат төрағасы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру