Тәжікстан мүфтиі Ораза айтпен құттықтады

26 мамыр 2020 3532 0
Оқу режимі

Тәжікстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзода ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесіне байланысты құттықтау хат жолдады.

«Сізді және өзіңіз басқарып отырған ҚМДБ ұжымы, Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала Рамазаннан Рамазанға, айттан айтқа аман-есен жетуімізді жазсын!

Жаратушы Жаппар ие әлемге қатер төндірген жұқпалы індеттен баршамызды аман сақтап, жақсы күндерде жүздесуді нәсіп етсін! Алла берекемізді арттырсын деп дұға етемін. Сіздерге бақ-береке, саулық-саламат, толайым табыс тілеймін!» делінген құттықтау хатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру