ТҮРКИЯ: «ХАДИС ӘДІСНАМАСЫНА КІРІСПЕ» КІТАБЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ТАНЫСТЫРДЫ

21 қараша 2023 1280 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Жандос Айтбай Анкара қаласындағы діни оқу орындарында білім алып жатқан студенттермен кездесті.

Жандос Өмірзақұлы білім жолындағы шәкірттерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, оқуларына сәттілік тіледі. Кездесу барысында «Талаба» қауымдастығының ұйымдастыруымен қауымдастық мүшесі, Анкара әлеуметтік Ғылымдар университетінің аға оқытушысы Озат Шәмшиев араб тілінен қазақ тіліне аударылған «Хадис әдіснамасына кіріспе» кітабын таныстырды. Аталмыш кітап «MUFTIYAT» баспасынан Бас мүфти жетекшілігімен жарық көрген болатын.

Сөз барысында аудармашы аударма ісі барысындағы есте қалар сәттерін айтып берді. Кітаптың басылып шығуына ықпал жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына және «MUFTIYAT» баспасы ұжымына ерекше алғысын білдірді.
Шара соңында «Талаба» қауымдастығы қонақтарға дастарқан жайып құрмет көрсетті.

​Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру