Түркия коронавирус індетінің екінші шырқау шегіне жеткенін мәлімдеді

04 қыркүйек 2020 4286 0
Оқу режимі

Түркия мемлекетінде коронавирус індетін жұқтырғандар саны екінші шырқау шегіне жетіп отыр. Бұл жайында елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Ходжа мәлімдеді.

«Біз қазір індеттің бірінші толқынының екінші шырқау шегін бастан кешірудеміз. Күн санап емделушілердің де, көз жұмғандардың да саны өсіп келеді. Бұл жағдай біздің елімізде де, әлем бойынша байқалып отыр», – дейді ол.

Министрдің айтуынша, соңғы тәуліктің өзінде Түркияда коронавирус жұқтырған 45 науқас көз жұмған. Бұған қоса, 1596 жаннан аурудың белгілері тіркелген. Министрліктің мәліметі бойынша, ел аумағында науқастар саны 273 301 адамға жеткен.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру