ҰСТАЗ АРМАН ҚУАНЫШБАЕВ АСТАНА ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

02 желтоқсан 2023 1216 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған РАНТ (республикалық ақпараттық насихат тобы) мүшесі, теолог ұстаз, Кентау қаласындағы «Балаби» қарилар дайындау орталығының директоры Арман Қуанышбаев ресми іссапармен Астаа қаласына келіп, бірнеше кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, РАНТ және ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі «Ақмешіт», «Әл-Ғани», «Әл-Фараби» мешіттерінің жамағатымен жүздесіп, «Жамағат бірлігі», «Құмар ойындар зардабы», «Құлшылықтағы ықылас», «Ашу – дұшпан», «Кісі ақысын жеу һәм саудадағы» алаяқтық тақырыптарында тұшымды уағыздар айтты. Сондай-ақ, «Астана» медресе-колледжінің және «Хусамаддин әс-Сығанақи» Ислам институтының шәкірттерімен кездесіп, діни білім алу мен дін жолындағы қызмет турасында жеткізді.

Теолог ғалым Астана қаласы Дін істері зерттеу орталығының ұйытқы болуымен ЖОО студенттерімен, тағы басқа мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен де түрлі тақырыптарда сұхбат жүргізіп, насихат айтты.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру